Жарияланды: 390

Қазақстан мен Ресей осы елдің аумағы арқылы қазақстан жүктерін тасымалдауда тарифтерді төмендету туралы алдын-ала мәмілеге келді

Қазақстан мен Ресей осы елдің аумағы арқылы қазақстандық жүктерді тасымалдауда тарифтерді төмендету туралы алдын-ала мәмілеге келді. Бұл туралы бүгін, 28-қазанда ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің үкімет басшылары деңгейіндегі Мәскеу мәжілісіне аккредитацияланған қазақстандық журналистерге берген сұхбатында ЕурАзЭҚ бас хатшысының орынбасары Серік Пірімбетов хабарлады.

Оның айтуынша, бұл туралы уағдаластыққа кеше РФ премьер министрінің орынбасары Виктор Христенко мен ҚР үкімет басшысының орынбасары Сауат Мыңбаевтың арасында өткен келіссөздер барысында қол жеткізілді. Әйтсе де, С.Пірімбетовтың айтуынша, "бұл жолы тек принциптік келісімге қол жетті, ендігі жерде темір жолшылар және басқа да тиісті сала мамандары келіссөздер үстеліне отыруы тиіс". "Бұл аса күрделі мәселе",- деді ол. Ресейде жүк ішкі және сыртқы жүк тасымалына екі түрлі баға белгіленетіні белгілі. Қазақстан Ресей аумағы арқылы тасымалданатын қазақстандық жүктер үшін сол елдің ішкі тарифін қолдануды талап етуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін