Президент Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«Қазақстан мен Ресей арасында жоғары деңгейде байланыс орнаған. Бұл екі елдің Сыртқы істер министрліктері мен елшіліктерінің еңбегі. Біздің ынтымақтастығымыз өзге елдер үшін үлгі болуы тиіс деп ойлаймын», — деді Н.Назарбаев, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, РФ Сыртқы істер министрі G20 саммитінің табысты өтуімен құттықтаған президент ауқымды шараның сапалы ұйымдастырылғанын атап көрсетті.
Кездесуде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайы мен халықаралық күнтәртібіндегі мәселелер сөз болды.