Қазақстан мен Ресейдің жас ғалымдары бүгінгі цифрлық әлемнің құрылымын талдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресейдің жас ғалымдары бүгінгі цифрлық әлемнің құрылымын талдайды

Қазақстан мен Ресейдің жас ғалымдары бүгінгі цифрлық әлемнің құрылымын талдайды

Жас ғалымдардың «Цифрландыру: әдіснама, құралдары, нәтижелері, тәуекелдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 2020 жылғы 20 қарашада Алматы, Курск және Мәскеуде online режимде өтеді.

  • 19 Қараша 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Конференцияда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлемдік экономика мен қоғамның барлық салаларына ену процесінің барысы мен нәтижелері тақырыбы талқыланады. Цифрландыру үшін жаңа технологияларды барлық жерде енгізу – ғылыми қоғамнан тұжырымдамалық, зерттеулік деңгейді және алынған нәтижелерді практикада қолдану әрекетінде жедел әрі адекватты жауапты талап етеді.

Конференция Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры (Қазақстан), Ресей Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі, Оңтүстік-Батыс мемлекеттік университеті (Курск қ., Ресей) Нұр-Сұлтандағы Россотрудничество өкілдігінің қатысуымен ұйымдастырылады.

Жас ғалымдар цифрландырудың қоғамдық және корпоративтік мәдениеттің өзгеруіне әсерін, информатика мен қолданбалы математиканың өзекті іргелі міндеттерін және ең алдымен экономикалық және әлеуметтік жүйелерді басқарудың зияткерлік-аналитикалық әдістерін, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттық жүйелер құруды, экономикалық ақпаратты пайдалануды оңтайландыру үшін талдаудың математикалық әдістерін қолдануды талқылайды. Бағдарламада сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллектті қолданудың практикалық шешімдері мен технологиялары таныстырылады.

Конференция шеңберінде жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының кемінде жиырма баяндамасы мен әзірлемелері ұсынылады. РҒА ЖҒК делегациясының мүшелері эфирге Курск қаласының Оңтүстік-Батыс университетінен, қалғандары өз жұмыс орындарынан шығады. Конференцияға Ресейдің сегіз аймағы қатысады.


 

 

Соңғы жаңалықтар