Қазақстан мен Сирия арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы Дамаскіде өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Сирия арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы Дамаскіде өтті

Қазақстан мен Сирия арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы Дамаскіде өтті

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Сирия арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы бүгін Дамаскіде өтті. Оған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев бастаған делегация қатысты. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 4 Қараша 2008
  • 353
Фото - Caravan.kz

Консултацияның күн тәртібінде екі ел арасындағы саяси әріптестік жолдарын дамытумен қатар, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара байланыстарды жандандыру мәселелері қамтылады.

Елдер арасындағы саяси консултациялар өткізу уағдаластығы 2007 жылғы қарашада ҚР президенті Н.Назарбаевтың Дамаскіге жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізіліп, екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономика және мәдениет салаларындағы ортақ мүдделердің қалыптасуының маңызды қадамына айналды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар