«Біздің елімізге сауда-экономикалық қатынастарды қарқындандыру қажет»,- деді Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовпен кездесу барысында Таиландтың сауда министрі Крирк-Край Джирапат. «Осыған байланысты біз тұрақты негізде жұмыс істейтін қазақстан-таиланд кеңесін құруды ұсынамыз»,- деп қосты ол.
Жалпы екі жақ, екіжақты тауар айналымы екі елдің әлеуетіне сәйкес еместігін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастығын пәрмендендіру ниеттерін айтты. «Екі ел арасындағы тауар айналымы қазіргі уақытта 70 млн АҚШ долларын құрайды, бұл біздің мүмкіндіктерімізге мүлдем сәйкес емес»,- деп атап көрсетті Ғ. Оразбақов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті