Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында көрсетілгендей, қазақтандық сайлау комиссиясының басшысы Түрікменстанның Орталық сайлау комиссиясы басшысының парламент сайлауын бақылауға қатысқандығына ризашылығын білдірді. «Тәжірибелі кәсіби мамандардың сайлау барысын бақылауға қатысуы біз үшін әр уақытта бағалы, бұл оң баға алуға, ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетті Қуандық Тұрғанқұлов.
Кездесу барысында ол Түрікменстанның өкіліне парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихатқа депутаттарды сайлауға қатысты науқан барысынмен таныстырып, Қазақстанның сайлау заңының ерекшеліктеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
М. Каррыев өз тарапынан Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасына өзін бақылаушы ретінде сайлауға шақырғандығына ризашылығын білдіріп, сайлауда жетістікке жететіндіктеріне сенімділігін танытты. «Қазақстан — ашық ел. Түрікменстан да ашылып келеді. Сайлауды ұйымдастырушылар арасындағы өзара ықпалдастықтар жақсарып келеді»,- деп атап өтті ол. Түрікменстан өкілі, сондай-ақ Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясымен белсенді ынтымақтастық жасауға дайын екендіктерін айтып өтті.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының ақпараттарына сүйенсек, кездесуге сондай-ақ Түрікменстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мухамед Абалаков та қатысқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті