Қазақстан мен Украина бірлескен ғарыш бағдарламасын дайындауда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Украина бірлескен ғарыш бағдарламасын дайындауда

Қазақстан мен Украина бірлескен ғарыш бағдарламасын дайындауда

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Украина бірлескен ғарыш бағдарламасын дайындауда. Бұл туралы бүгін екі мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Ющенко келіссөздер қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Наурыз 2008
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біз екі мемлекет бірлескен ғарыш бағдарламасын дайындау жөнінде уағдаластыққа келдік, бұл бірқатар ұстанымдар бойынша Ресеймен бірлесіп жобаларды іске асырамыз «, — деді Украина басшысы В. Ющенко.

Өз кезегінде Қазақстан президенті атап өткеніндей, » бірлесіп құрылатын кәсіпорындар ғарыш серіктерін, серік тұғырларын, ғарыштық аппараттарды жерде басқаратын кешендерді құру жөнінде жұмыстар тиімді және болашақта өз жемісін береді».

Ол атап өткеніндей, екі мемлекеттің ғарыш саласындағы ынтымақтастығы «жақсы мүмкіндіктерге жол ашады» «.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті