«Қазақстан мен Украина энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін атай отырып, ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, соның ішінде энергетика тасымалдайтын дәліздерді дамытуға бағытталған ықпалдастықты қолдайтынын мәлімдейді», -делінген құжатта.
Бұған қоса мәлімдемеде «Қазақстан мен Украина Қазақстан мұнайын Еуропа нарығына тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты ұзарта түсуге, сондай-ақ, Одесса-Броды жобасын дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын қарау жұмыстарын жалғастыруға ниетті»,- делінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті