Жарияланды: 560

Қазақстан мен Украина екі ел арасында сауда - экономикалық қатынастарды нығайту мүмкіндіктерін қарастырады - ҚР Индустрия және сауда министрлігі

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Украина екі ел арасында сауда - экономикалық қатынастарды нығайту мүмкіндіктерін қарастырады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Индустрия және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев бастаған қазақстандық делегация 2008 жылғы қазанның 23-24 күндері Украина астанасы Киев қаласында болып қайтады. Сапардың басты мақсаты - Қазақстан мен Украина арасында сауда - экономикалық қатынастарды нығайту болып табылады. Бизнес-делегацияның құрамында - Қазақстан Республикасы Сауда - өнеркәсіп палатасының, әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялар, "Экспортты дамыту және алға жылжыту корпорациясы" АҚ, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "КазАгро" Ұлттық холдингі" АҚ, сондай-ақ экспорттаушы - компаниялар өкілдері. Осы сауда - экономикалық миссиясының маңызды аспектісі отандық экспортерлерді қолдау және шикізаттық емес тауарлардың Украиналық рынокқа экспортын кеңейту, екі мемлекеттің кәсіпорындары арасында серіктестік қатынастарды орнату, сондай-ақ тарифтік және тарифтік емес шаралар қолданылуының халықаралық тәжірибесін зерттеу болып табылады. Ресми сапар барысында қазақстандық делегация өкілдері "Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының экспорттық өнімдерін Украина нарығына әкелу" тақырыбына бизнес-семинар, сондай-ақ Қазақстанның даму институттарының және мүдделі экспорттаушы - компаниялардың қатысуымен таныстыру - көрмесін өткізеді. Осы іс-шараларды өткізудің мақсаты Украина нарығына шығу үшін әлеуетті қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін зерттеу және Қазақстан Республикасы мен Украина арасында сыртқы сауданы әрі қарай дамытудың жалпы проблемалары мен жолдарын талқылау болып табылады. Өз кезегінде екінші жақ Украинаның Экономика министрлігінің, Сауда - өнеркәсіп палатасының, сондай-ақ Украинаның кәсіпкерлер мен кәсіпорындар одағының басшыларымен екі жақты кездесулер өткізу мәселесін қарастырып жатыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін