Ресми өкілдің хабарлауынша, комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, вьетнам жағынан — Вьетнам Социалистік Республикасының өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ле Зань Винь болып табылады.
«Аталмыш іс-шара шеңберінде екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, сондай-ақ ҚР мен ВСР арасындағы басқа да салалардағы өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқыланбақ»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті