Қазақстан мұнай өндірісін қаңтар-қараша айларында 2,3%-ға төмендетті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнай өндірісін қаңтар-қараша айларында 2,3%-ға төмендетті

Қазақстан мұнай өндірісін қаңтар-қараша айларында 2,3%-ға төмендетті

Қазақстанда 2012 жылдың қаңтар-қараша айларында 60 млн 684,4 мың тонна шикі мұнай және 11 млн 620 мың тонна газ конденсаты өндірілді.

  • 13 Желтоқсан 2012
  • 363
Фото - Caravan.kz

Бұл 2011 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 2,3%-ға кем және 3,8%-ға артық, деп Статистика жөніндегі агенттік мәлімдеді.

Есепті кезеңде республикада 36 млрд 507 млн текше метр табиғи газ өндірілді (1,4%-ға артық).
Газ түріндегі табиғи газ өндірісі 18 млрд 501,4 млн текше метрді құрады (5,5%-ға артық), оның ішінде тауарлық шығаралым 9 млрд 459,2 млн текше метр (0,7%-ға кем).
Есепті кезеңде мұнайлы ілеспе газ өндірісі 18 млрд 6,4 млн текше метрді құрады (2,5%-ға кем).