"Қазақстан мұнайы мен газы" атты жыл сайынғы конференция 3-шілдеде Лондонда өз жұмысын аяқтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан мұнайы мен газы" атты жыл сайынғы конференция 3-шілдеде Лондонда өз жұмысын аяқтайды

"Қазақстан мұнайы мен газы" атты жыл сайынғы конференция 3-шілдеде Лондонда өз жұмысын аяқтайды

3-шілдеде Лондонда "Қазақстанның мұнайы мен газы" атты жыл сайынғы конференция өз жұмысын аяқтайды. Бұл туралы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 2 Шiлде 2003
  • 996
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның мұнайы мен газы» атты конференция 1-шілдеде басталған.

Форумның ашылуында Қазақстанмен екі жақты байланыстар жөніндегі Ұлыбритания парламенттік тобы жетекшісінің орынбасары лорд Фрейзер, сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі жеке меншік және мемлекеттік құрылымдардың Лондондық бірлестігінің жетекшісі Стивен Браун, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник, «ШевронТексако» компаниясының Евразиялық филиалының
басқарушы директоры » Гай Холлингсуорт мырзалар сөз сөйледі.
Бас қосуда Қазақстанда мемлекет пен стратегиялық инвесторлар мүддесінің екі жаққа бірдей тиімді тепе-теңдігіне қол жеткізу, жылу-энергетикалық жобаларға салық салу мәселесі төңірегінде қарама-қайшылықтар мен қолайсыз дау-дамайлардың алдын алу, шетелдік рынокқа мұнай шығарудың инфрақұрылымдық ауқымын түбегейлі кеңейту мәселелері бойынша пікірталас өрбіді.
Конференция нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойылғалы отыр.

Соңғы жаңалықтар