Қазақстан мұнайын тасымалдау бағыттары аясында ешқандай саяси астар жоқ- Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнайын тасымалдау бағыттары аясында ешқандай саяси астар жоқ- Н.Назарбаев

Қазақстан мұнайын тасымалдау бағыттары аясында ешқандай саяси астар жоқ- Н.Назарбаев

АСТАНА. 10 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан мұнайын тасымалдау бағыттары аясында ешқандай саяси астар немесе құштарлық жоқ, тек экономикалық пайда көздеу ғана бар, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық телеарналардан сөйлеген сөзінде.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Егер барлық мұнайды Ресей арқылы тасымалдау тиімді болса, біз сол жаққа барамыз. Егер біз, Баку-Жейхан арқылы тасымалдау 15 долларға арзан екенін байқасақ, онда сол бағытты таңдаймыз. Егер, екі жақтада бізге қиын болса, онда біз Қытайға барамыз»,-деді елбасы.

«Мұнда біздің халықтың, елдің мүддесін көздейтін таза прагматикалық ұстаным жатыр»,-деп атап өтті ол.

«АҚШ пен жұмыс істей отыра, біз ешқашанда Ресейдің мүддесіне қарсы жұмыс істеген жоқпыз, Ресеймен және Қытаймен жұмыс істей отыра, біз АҚШ пен Еуропаның мүддесіне қарсы жұмыс істеген жоқпыз»,-деді президент.

2012-2015 жылдары Қазақстан халықаралық нарықтың ірі мұнай тасымалдаушыларының біріне айналады деген жоспар бар.

Бүгінде Қазақстанның қара алтыны халықаралық нарықтарға Ресей арқылы КТК бойынша және Атасу Алашанькоу құбырымен Қытайға жөнелтіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Баку Жейхан жобасына қосылды, және Одесса-Броды-Гданьск және Бургас-Александруполис жобасына қосылуға ниет білдіруде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті