Жарияланды: 500

Қазақстан мыс шикізатынан пайданы онша көрмей отыр, деп есептейді сарапшы

Орталық Азиядағы геологиялық-барлау жұмысымен айналысатын RioTintoкомпаниясының жетекшісі Крис Уэлтон Қазақстан мыс шикізатынан лайықты пайда көре алмай отыр деп есептейді.

«Қазақстан геологиялық барлаудың дәстүрлі тәсілдерін пайдаланады. Бұл Қазақстанға мыс нарығындағы күшті позицияны алуына мүмкіндік берді. Дегенмен қаражаттың жеткілікті бөлінбеуі, заманауй технологияларды пайдаланбауы, мыс өндіру саласындағы пайданың лайықты деңгейінде болмай отыруына соқтыруда», - деді ол дүйсенбі күні тау-металлургиялық конгрессте сөйлеген сөзінде. Бұл ретте ол «мыс саласына қаржының лайықты деңгейде бөлінбей отыруы, тек Қазақстанға ғана тән емес, бүкіл дүниежүзіне тән» деді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін