Қазақстан өкілдері Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің 42-ші отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өкілдері Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің 42-ші отырысына қатысады

Қазақстан өкілдері Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің 42-ші отырысына қатысады

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Қазақстан өкілдері Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің 42-ші отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 24 Қараша 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Қарашаның 26-сында Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің 42-ші отырысы өтеді. Оның барысында Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті құру мәселелері қарастырылатын болады. Бұл отырысқа ҚР Индустрия және сауда министрі В. Школьник бастаған делегация қатысады,- деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, Қарашаның 24-і мен 26-сы аралығында Мәскеу қаласында РФ мен ҚР Үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысы өтеді.

«Отырыс барысында тараптар Үкіметаралық комиссияның алдыңғы отырысындағы хаттамасының орындалу барысын, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағадаластықтар аясындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мәселелерді талқылайтын болады, деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар