Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, хаттамада ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі келісімге екі нақтылау енгізу қарастырылған.
Атап айтсақ, хаттама «Кедендік одақтың жоғарғы органы» ретінде Мемлекетаралдық кеңестің құзыретін заңдастырады.
Бұған қоса хаттама Қоғамдастық сотына ЕурАзЭҚ аясында туындаған дау-дамайларды реттеу органының функцияларын береді.
Хаттамаға 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойылды.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті