Қазақстан парламенті лаңкестікпен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясына түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті лаңкестікпен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясына түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті

Қазақстан парламенті лаңкестікпен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясына түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекітті

Астана. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "2001 жылдың 15 маусымында Шанхайда қол қойылған лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агеттік тілшісі.

  • 20 Наурыз 2008
  • 602
Фото - Caravan.kz

«Хаттамада Аймақтық антитеррорлық құрылымды Қырғызстанның Бішкек қаласынан Өзбекстанның Ташкент қаласына көшіру қарастырылған», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Хаттамаға 2003 жылдың 5 қыркүйегінде Ташкентте қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті