Қазақстан парламентшілері әйел-парламентшілер мен Азия әйел-министрлерінің 5- конференциясына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламентшілері  әйел-парламентшілер мен  Азия әйел-министрлерінің 5- конференциясына қатысады

Қазақстан парламентшілері әйел-парламентшілер мен Азия әйел-министрлерінің 5- конференциясына қатысады

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгні" - Мәжіліс делегациясы Қытай Халық Республикасында өтетін тұрғын халықтар мен даму жөніндегі парламентшілердің Азиялық форумының аясында әйел-парламентшілер мен Азия әйел-министрлерінің 5- конференциясына қатысады, деп хабарлайды агенттік тілшісі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

  • 26 Қараша 2007
  • 594
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазақстан делегациясының құрамында депутаттар Бағила Баймағамбетова, Елена Тарасенко мен Светлана Ферхо бар.

Конференцияның тақырыбы — «Әйелдер мен қыздардың білім алуы — әлеуметтік және экономикалық даму мүмкіндігі». Азия аймақтарынан 100- ге жуық парламентшілер мен министрлер қатысады деп күтілуде.

Тұрғын халықтар және даму жөніндегі парламентшілердің Азиялық форумыны аясындағы әйел-парламентшілер мен Азия әйел-министрлерінің

5 конференциясын ұйымдастырушыларының пікірінше, «Бейжің конференциясы қыздар мен әйелдердің білім алуы мәселесіне аса үлкен назар аударып отыр. Өйткені, білім әйелдердің өздеріне деген сенімділігін арттырып, даму процестеріне қатысуға жол ашады», — деп жазылған баспасөз хатында.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, конференцияда Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты Бағила Баймағамбетова сөз сөйлейді деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті