Қазақстан президенті 2006-жылы ресми сапармен Иранға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті 2006-жылы ресми сапармен Иранға барады

Қазақстан президенті 2006-жылы ресми сапармен Иранға барады

Қазақстан президенті 2006-жылы ресми сапармен Иранға барады. Бұл туралы бүгін, 30-қыркүйекте Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында Иран ислам Республикасының сыртқы істер министрі Манучехра Муттаки мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қазан 2005
  • 326
Фото - Caravan.kz



М.Муттакидің журналистерге хабарлауынша, ол Н.Назарбаевқа өз елінің президенті Махмуд Ахмади Неджадтың Ирана келіп қайту жөніндегі шақыруын жеткізген. «Нұрсұлтан Назарбаев Иранға келесі жылы ресми сапармен баруға уәде берді»,- деді ол.
Бүгінгі кездесу барысында «Каспий теңізіне, Иранның ядролық проблемаларына, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқыладық»,- деді Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына келген Ирандық министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті