Жарияланды: 670

Қазақстан президенті "Ақтөберентген" АҚ аралады

Ақтөбе. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ақтөберентген" АҚ аралады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ақтөберентген" АҚ атқарушы директоры Марс Махмутовтың айтуынша, кәсіпорын негізінен медициналық мақсаттағы аппаратураларды өндіреді. "Біз бұрын өнеркәсіптік рентген-техниканы өндіретінбіз, ал қазір оны шығармаймыз. Санкт-петербург электрофизикалық аппаратура ҒЗИ-ымен бірлескен жобамыз бар - кеден жүйелері үшін инспекциялық-тексеру кешенін шығарамыз. Әрбір кешеннің құны $3 - 5 млн тұрады", -деді М. Махмутов. "Ресеймен бірлескен бірнеше жобамыз бар - Санкт-петербург ҒЗИ, Новосибирскідегі академқалашықтағы Будкер атындағы Ядролық физика институтымен бірлескен жобаларымыз бар. Сонымен бірге біздің Орынборда рентген-аппараттар шығаратын екі кәсіпорнымыз, Мәскеуде өкілдігіміз бар", - деді ол. М. Махмутовтың мәліметінше, компания өз өнімдерін Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Түркия, Болгария, Қытайға экспорттайды. 2008 жылы өндіріс өсімі 2007 жылмен салыстырғанда 37% құрады. "Біз Қазақстанның Ұлттық инновациялық қорымен келешегі бар жобалар бойынша 2009 - 2011 жылдары бірлесе жұмыс істемекшіміз", -деді М. Махмутов. Зауыт 1941 жылы Мәскеуден эвакуацияланған. Медициналық өнімдер шығаруға соғыстан кейін ден қойған. Басты бәсекелестері : General Electric, Siemens, Toshiba және Shimastu. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін