Жарияланды: 700

Қазақстан президенті "Ақтөберентген" АҚ аралады (толық нұсқасы)

Қазақстан президенті "Ақтөберентген" АҚ аралады (толық нұсқасы)

Ақтөбе. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Актөберентген" АҚ аралады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қазақстан президенті зауыт қызметкерлерін 1,5-2 жылда салынып біткен жаңа алаңның ашылуымен құттықтады. "Бұл - Қазақстанның индустриялық саясатын жүзеге асырып жатқан зауыттардың бірі. Біздің даму бағдарламамызда Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту аса маңызды орын иемденеді. Біз өнімнің сапасы мен санының артуына қолдау көрсететін боламыз", -деді Н. Назарбаев. "Қазір әлемді шарпыған қаржы дағдарысы мен оны еңсерудің мәні - өзіміз үшін өнім өндіретін тәуелсіз өз экономикамызды құруға саяды. Қазір әр облыста жаңа кәсіпорындар, жаңа нысандар мен жаңа зауыттар салынуда". Мемлекет басшысы сонымен бірге бүгін Қазақстан және Ресейдің Шекаралық өңірлер басшыларының V халықаралық форумы өтетінін және онда екі елдің интеграциялануы жайлы талқыланатынын атап өтті. "Осындай кездесулер өткен 6 жылда екі ел арасындағы сауда-саттық төрт есе ұлғайды", - деді президент. "Ақтюбрентген" АҚ атқарушы директоры Марс Махмутовтың айтуынша, кәсіпорын негізінен медициналық мақсаттағы аппаратураларды өндіреді. "Биыл зауытты қаржыландыру көлемі 15 млн АҚШ долларын құрады, оның жартысын Қазақстан Даму банкі бөлді, жартысы -өз қаржымыз. Бүгінде 18 түрлі өнім шығарылуда. Олардың абсым бөлігі- медициналық мақсатта",- деді зауыт басшысы. "Біз бұрын өнеркәсіптік рентген-техниканы өндіретінбіз, ал қазір оны шығармаймыз. Санкт-петербург электрофизикалық аппаратура ҒЗИ-ымен бірлескен жобамыз бар - кеден жүйелері үшін инспекциялық-тексеру кешенін шығарамыз. Әрбір кешеннің құны $3 - 5 млн тұрады", -деді М. Махмутов. "Ресеймен бірлескен бірнеше жобамыз бар - Санкт-петербург ҒЗИ, Новосибирскідегі академқалашықтағы Будкер атындағы Ядролық физика институтымен бірлескен жобаларымыз бар. Сонымен бірге біздің Орынборда рентген-аппараттар шығаратын екі кәсіпорнымыз, Мәскеуде өкілдігіміз бар", - деді ол. М. Махмутовтың мәліметінше, компания өз өнімдерін Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Түркия, Болгария, Қытайға экспорттайды. 2008 жылы өндіріс өсімі 2007 жылмен салыстырғанда 37% құрады. "Біз Қазақстанның Ұлттық инновациялық қорымен келешегі бар жобалар бойынша 2009 - 2011 жылдары бірлесе жұмыс істемекшіміз", -деді М. Махмутов. Зауыт 1941 жылы Мәскеуден эвакуацияланған. Медициналық өнімдер шығаруға соғыстан кейін ден қойған. Басты бәсекелестері : General Electric, Siemens, Toshiba және Shimastu. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін