Қазақстан президенті Астанада опера және балет театрының құрылысын қарап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Астанада опера және балет театрының құрылысын қарап көрді

Қазақстан президенті Астанада опера және балет театрының құрылысын қарап көрді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде Астанада опера және балет театрының жаңа ғимаратының құрылысын қарап көрді, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

  • 31 Қазан 2012
  • 299
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаев атап өткендей,» бұл жобаны жүзеге асыру үшін озық технологиялық жабдықтарды орнату және пайдалануда білімі және тәжірибесі бар біліктілігі жоғары қазақстандық мамандарды тарту керек», делінген хабарламада.

Театрда көрермендер үшін 1250 орындық зал, авансахна және оркестр отыратын орын, партер, әр түрлі балкондар және камералық музыка үшін 250 орындыққа арналған кіші зал болмақ.
Бишілердің жаңа буынын оқыту үшін балет студиясы ашылмақ.
Опера және балет театрының жобалық шешімдері халықаралық деңгейге сай келеді және сондай деңгейде салынатын ғимараттардың халықаралық тәжірибесі ескеріліп отыр.
Жобаға орай жер үстінде көліктерге арналған тұрақ және жер асты паркингі болмақ. Жалпы алаңы 64 мың шаршы метрден аса болмақ.

Соңғы жаңалықтар