Қазақстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады

Қазақстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады

Астана. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қараша 2008
  • 483
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, президенттің өкімімен Ратмир Әлімханұлы Комратов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды және ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Әлімжан Қанағатұлы Ерниязов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды;

Әлихан Бірімжанұлы Жарболов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды;

Ерлан Тынымбайұлы Қарин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Болат Керімжанұлы Дарбеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Асхат Өлмесұлы Шойынбаев Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар