Қазақстан президенті БҰҰ резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің сенімхатын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті БҰҰ  резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің сенімхатын  қабылдады

Қазақстан президенті БҰҰ резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің сенімхатын қабылдады

АСТАНА. 19 -маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Шу Хаолянның сенімхатын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Маусым 2007
  • 630
Фото - Caravan.kz

«БҰҰ-ына мүше болған жылдарда Қазақстан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосты», — деді рәсімде Н. Назарбаев. «Біздің еліміз ядролық қарудан бас тарту, халықты жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, шиеленістердің алдын алу, есірткі тасымалы мен қару саудасымен, ұйымдасқан қылмыспен және заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері бойынша белсенді көзқарас ұстанады», — деді ол.

«Тарихи өлшеммен өте қысқа мерзімде Қазақстан саяси және экономикалық дамуда үлкен табысқа жетіп, халықаралық қарым-қатынастар саласында сенімді әрі жауапты әріптеске айналды», — деді президент.

«Біздің саясатымыздағы көпвекторлылық, тепе-теңдік, прагматизм, конструктивті үнқатысу секілді басты басты принциптер өзгеріссіз қалады», — деді ол.

Өз кезегінде Шу Хаолянь «БҰҰ-ның өз бас кеңсесін Алматыдан Астанаға көшіруге шешім қабылдағанын» жеткізді. «Сонымен бірге біз Алматыны БҰҰ іс-қызметінің аймақтық орталығына айналдыруға ниетіміз бар», — деді ол.

Қазақстан мемлекет басшысы бұған қоса Польшаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Павел Чеплактың сенімхатын қабылдады.

«Бүгінгі Қазақстан-Польша қарым-қатынасы қарқындылығымен, байланыстардың мазмұндылығымен, парламентаралық және мекемеаралық байланыстардың кеңейе, экономикалық -гуманитарлық ынтымақтастықтың тереңдей түскендігімен ерекшеленеді», — деді президент. «Біз Польшаның елімізбен энергетикалық ынтымақтастықтан мүдделі екендігін білеміз және біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатырмыз», — деді Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті