«Қазақстан үшін мектепте білім беру басымдыққа айналды», — деді Н. Назарбаев.
Ол алдағы бес жылда елімізде 250 мектеп салу жоспарланып отырғанын еске салды. Атап айтсақ, ағымдағы жылы жаңадан 65 мектеп ашылады. Мемлекет басшысы бұған қоса «Интернетке қосылған мектептердің саны да жыл санап өсіп келе жатқанын» атап өтті. Президенттің айтуынша, қазіргі жағдаймен еліміздегі мектептердің 97% желіге қосылған. Сонымен бірге мың мектепте интерактивті он-лайн кластар ашылған.
Президент «келесі жылы да осындай интерактивті он-лайн-кластар тағы мың мектепте ашылатынын » атап көрсетті. «Бұл біздің оқушыларымыз Астана мен Алматының, егер тіпті келісе алсақ, Мәскеудің де жетекші оқытушыларының дәрістерін тыңдай алады деген сөз», — деді Н. Назарбаев.