«Мен ертең экономиканы тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік шараларды жария етемін, олардың бәрі де шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталатынын естіп білетін боласыздар», — деді президент.
Н. Назарбаевтың айтуынша, 2007-2008 жылдары ұлттық экономиканы тұрақтандыруға 540 млрд теңге жұмсалды, оның 127 млрд теңгесі шағын және орта бизнесті дамыту және қолдауға бағытталды.
«Келешекте индустриялық-инновациялық бағдарламамызды жүзеге асыруға, инфрақұрылымға, бірінші кезекте энергетикаға жұмсалатын мемлекеттік қаражат көлемі ұлғая түседі», -деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті