Қазақстан президенті Кеңес үкіметінің тың игеру жөніндегі идеясын парасатты әрі табысты идея деп бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Кеңес үкіметінің тың игеру жөніндегі идеясын парасатты әрі табысты идея деп бағалады

Қазақстан президенті Кеңес үкіметінің тың игеру жөніндегі идеясын парасатты әрі табысты идея деп бағалады

"Тың игеруді мен Кеңестік идеологияның орынсыз тілектерінің бірі емес, жалпы елді, аштыққа душар болған адамдарды асырауға бағытталған ойламды идея деп

  • 7 Ақпан 2004
  • 1862
Фото - Caravan.kz

санаймын». Бүгін, 6-ақпанда Астанада тың және тыңайған жерлерді игерудің 50-жылдығына арналған салтанатты мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, «бұл идея табысты жүзеге асырылды».

Тың игеру — » үлкен бастамаға негізделген ұлығаусар шара». Тың игеру нәтижесінде 36,5 млн. гектар жер жыртылды. Бұл «бүкіл Германияның біріккен аумағынан да үлкен»,- деді ол.
«Тың игеру — баршамыздың ортақ жетістігіміз, ортақ жеңісіміз»,- деді Елбасы.
Мемлекет басшысының мәліметі бойынша, 50 жылда Қазақстанда жиналған жалпы бидай түсімі 640 млн. тоннаны құрып, жыл сайынғы орташа түсім 13 млн. тоннаға жетті.
«Мұндай көлемдегі астықпен 100 млн. адамның қажеттігін өтеуге болады. Осындай игілікті мақсат үшін бөлінген түнгі ұйқы мен тың игеруге жұмсалған күш-жігер босқа зая кеткен жоқ»,- деп пайымдайды Елбасы.
Тың жерлерді игерудің пайдалы тұстарына тоқталған Н.Назарбаев оның нұқсанды әсерлерін де тізбелеп өтті. Атап айтсақ, жерді жаппай жырту экологиялық залал-зардапқа апарып соққаны мәлім. Олардың арасына ең зияндысы ретінде топырақ эрозиясын атауға болады. Мәселен, президенттің айтуынша, жерді жаппай жырту салдарынан 8 млн. гектар жер құнарынан біржола айрылды. «Жер өңдеудің озық технологияларын қолданысқа енгізбеген жағдайда топырақтың деградациялану процессі қайтарымсыз сипатқа көшер еді»,- деді ол.