Қазақстан президенті мәдениет министрімен ведомство қызметінің негізгі бағыттарын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мәдениет министрімен ведомство қызметінің негізгі бағыттарын талқылады

Қазақстан президенті мәдениет министрімен ведомство қызметінің негізгі бағыттарын талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбіде ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесті.

  • 7 Сәуiр 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Ұлттық мұражайды ашу, халықаралық ЕХРО-2017 дайындық мәселесі және министрлік қызметінің негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

Н.Назарбаев Қазақстанда мәдениеттің 8 мың жергілікті және 39 республикалық ұйымы бар екендігін атап өткен, олардың рөлі жылдан -жылға артып келеді.

"Соңғы он жылда театрға барушылар саны 50%, мұражайға- 25%, кітапханаға — 40%, концерт залдарына 100%, кинотеатрға барушылар саны 400% көбейген. Осының бәрі халықтың әл-ауқатының артқандығын және білім мен мәдениетке деген қызығушылығының өскендігін көрсетіп отыр", деді елбасы.

Осы орайда, деп атап өтті Н.Назарбаев, бұл салада кадрларды сапалы дайындау мәселесін қарау керек.

"Азаматтық қоғаммен өз ара ықпалдасып, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының аккредиттелген желісін құру жұмысын жалғастыру керек", деді президент.


"Әлеуметтік мәні бар әдебиетке келер болсақ, халыққа қызықты, сапалы мазмұнды туындыларды шығаруға көңіл бөлу керек", деді елбасы.

А.Мұхамедиұлы болса елбасына мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтып берді. Сонымен қатар министр тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты.