Қазақстан президенті Мәскеу метросындағы лаңкестік әрекетке байланысты Ресей президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Мәскеу метросындағы лаңкестік әрекетке байланысты Ресей президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады

Қазақстан президенті Мәскеу метросындағы лаңкестік әрекетке байланысты Ресей президентіне көңіл айтып жеделхат жолдады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу метросындағы лаңкестік әрекетке байланысты Ресей президенті Владимир Путиннің атына көңіл айтып жеделхат жолдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Ақпан 2004
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Біз бейбіт тұрғындардың өмірін қиған зұлматты лаңкесттік әрекетке зығырданымыз қайнай ашуланамыз»,- делінген жеделхатта.

Н.Назарбаев өз атынан және бүкіл қазақстандықтар атынан Ресей президентінен қаза тапқандардың отбасына шын көңілден қайғыра көңіл айтқанын, ал зардап шеккендерге жанашырлық танытанын жеткізуді сұрады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 6-ақпанда таңертеңгі 8 сағат 32 минутта Мәскеу метросы Замоскворецкая желісінің «Павелецкая» және «Автозаводская» бекеттері арасында келе жатқан поездың вагондарының бірі жарылып кеткен болатын. Жарылыстан соң метро ішінде үлкен өрт шықты. Оған бесінші, ең күрделі өрт деген дәреже берілді. Алдын-ала мәліметке сәйкес, жарылыс болған электропоезда 1500-дей адам болуы мүмкін. Қазіргі мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 50-ден асып, 350 адам жараланды.

Соңғы жаңалықтар