«Орталық Азия мемлекеттер Одағы ең үздік болар еді, оның қатарына мен Қазақстан мен Орта Азияны қосып отырмын», деді елбасы.
Ол, бүкіл әлемде, оның ішінде Латын Америкасы мен Еуропада да интеграциялық процесстердің жүріп жатқанын атап өтті.
«Бізге құдай өзі берді : халықтың саны 55 млн, тіл жағынан өзара кедергі жоқ, бірін-бірі толықтырып жатқан экономикамыз бар, көлік, энергетикалық байланыстар бір кеңістікте. Бұл аймақ өзін толығымен азық-түлікпен, энергетикамен тағы басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз ете алады. Тіпті нарықта молшылықта болушы еді. Бұдан басқа не керек?»,- деді ол. Президент «халықтың бұдан тек ұтатынын» атап өтті.
Президент «бірақ неге біз сондай одақ құра алмаймыз, мен әлі күнге дейін түсінбеймін», деді.
Президенттің пікірінше, «бұл туралы мүмкін біздің саясаткерлер мен көрші елдердің саясаткерлеріне айту керек, ақпарат құралдарына да біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің, тіліміздің, тіпті біздің ұрпағымыздың болашағының жақындығы туралы айта беру керек».
«Бұл интергация экономикалық тұрғыдан алғанда тиімді болар еді, және тұтастай алғанда біздің қауіпсіздігіміз үшін жұмыс істейтін еді. Сондықтан да мен осы бағытта жұмыс істеп жатырмын»,-деді Н.Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті