Қазақстан президенті Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы жарлыққа қол қойды

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 25 Қараша 2008
  • 592
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі мынадай құрамда құрылсын: төраға — Жұмабеков Оңалсын Исламұлы; мүшелері: Мәми Қайрат Әбдіразақұлы — Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы; Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы- Қазақстан Республикасының Бас прокуроры; Баймағанбетов Серік Нұртайұлы — Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқық реформасы комитетінің төрағасы; Жұмабаев Ермек Жианшаұлы — Қазақстан Республикасы парламенті сенаты заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы; Құрықбаев Әділ Жамбасбайұлы — Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы; Полторабатько Людмила Григорьевна — Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы; Райымбаев Сансызбек Ілиясұлы — Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы; Түгел Әнуар Құрманбайұлы — Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының президенті; хатшы: Омаров Алтай Сәттібайұлы — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі мемлекеттік құқық бөлімінің сектор меңгерушісі».

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар