Қазақстан президенті қазақтардың орыс тілін жетік меңгергендігін үлкен игілік деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті қазақтардың орыс тілін жетік меңгергендігін үлкен игілік  деп есептейді

Қазақстан президенті қазақтардың орыс тілін жетік меңгергендігін үлкен игілік деп есептейді

АСТАНА. 28 наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстардың орыс тілін жетік меңгергендерін үлкен игілік деп есептейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 28 Наурыз 2007
  • 456
Фото - Caravan.kz

«Біздің кейбір зиялылар орыс тілінің осылайша қолданыста жүргенін сынайды. Ал менің пікірімше , қазақтардың орыс тілін жетік меңгергендігі , тіпті кейбір орыстардан да жақсы білетіндігі үлкен игілік»,-деді Елбасы қазақстандық жас ғалымдармен кездесуі барысында.

«Адам қаншалықты көп тіл білсе, соншалықты мәдениетті болады. Ал қазақтарға білім орыс тілі арқылы келмесе қайдан келді»,-деп атап өтті ол.

«Мен мұны көрші елді мадақтау үшін айтып отырғаным жоқ, бұл шынайы шындық, онымен санасу керек»,-деп мәлімдеді Н.Назарбаев.

«Біз стратегиялық серіктеспіз. Қазақстанның Ресей үшін де солай екеніне үміттенемін»,-деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті