Қазақстан президенті қазіргі жағдайда Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың өзектілігі жайлы мәлімдеді
Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті қазіргі жағдайда Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың өзектілігі жайлы мәлімдеді. Бұл туралы Елбасы Ресей Федерациясының үкімет басшысы Владимир Путинмен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Мен Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы ұдайы айтамын. Қазіргі жағдайда осындай кеңістік ауадай қажет. Қаржылық тұрақсыздық жайлаған қазіргідей кезде біртұтас саясаттың жобасын жасап, қадамдарды бір ырғаққа түсіру қажет", -деді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін