Қазақстан Президенті Қытайдағы Жеңіс парадына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті Қытайдағы Жеңіс парадына қатысуда

Қазақстан Президенті Қытайдағы Жеңіс парадына қатысуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қытай халқының жапон шапқыншылығына қарсы соғыстағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысуда.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 1005
Фото - Caravan.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, парадқа сондай-ақ 20-дан астам елдер мен үкіметтер көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысуда.

Тяньаньмэнь алаңындағы салтанатты шеру барысында ҚХР әскерлердің барлық түрі, жаңа әскери техника үлгілері, сондвай-ақ шетелдік қарулы күштер бөлімшелері сап түзеп өтеді.

Қазақстандық тараптан парадқа ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері құрметті қарауылының ротасы қатысатын  болады. 

1 2 4

Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғысындағы Жеңіске және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толуына арналған салтанатты парадқа 40 минут қалғанда

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин зайыбы Пэн Лиюаньмен бірге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тяньаньмэньнің бас трибунасының алдында қарсы алды.

Мемлекет басшысының қызыл кілемдегі амандасу және суретке түсу сәті Тяньаньмэнь алаңының барлық экрандарынан көрсетілді.

Парад Астана уақытымен сағат 8:00-де басталады. Ол ҚХР-дың тарихында ең үлкен парад болмақ. Тяньаньмэнь алаңында парадтық саппен Қытай қарулы күштерінің 50-ге жуық эшелоны өтеді: 12 мың әскери қызметкер, 40 түрлі 500 техника бірлігі, әуеге 20 түрлі 200-дей ұшақ көтеріледі.


Парадқа жұмылдырылған техниканың 84 пайызы алғаш рет көрсетіледі. Шараға 15 қытайлық және Қазақстан, Ресей, Беларусь, Куба, Мысыр, Қырғызстан, Мексика, Моңғолия, Пәкістан, Сербия, Тәжікстан, Ауғанстан, Камбоджа, Фиджи, Лаос, Вануата, Венесуэланың атынан 17 шетелдік жаяу әскери есеп қатысады. «Олардың қатысуы — фашизмге қарсы дүниежүзілік соғыстағы жеңіске қатынастың нақты айғағы», — деді бұған дейін парадқа дайындық бойынша басқару тобы бастығының орынбасары Цюй Жуй.

Салтанатты парадқа ҚХР басшылығының шақыруымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей, Моңғолия, Мысыр, Чехия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және өзге де мемлекет басшылары қатысады.

Соңғы жаңалықтар