Қазақстан президенті ресми сапармен Оман сұлтандығына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті ресми сапармен  Оман сұлтандығына барады

Қазақстан президенті ресми сапармен Оман сұлтандығына барады

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Оман сұлтандығына барады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 11 Наурыз 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

Е. Ашықбаевтың нақтылауынша, ресми сапар ағымдағы жылдың 15 — 18 наурызына межеленген. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланады. Атап айтсақ, Оманның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің іс-қызметіне, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайына, Қазақстанның басқа да халықаралық бастамаларын ілгерілетуге атсалысу жайы талқыланады.

«Қазақстан — Оман үкіметаралық комиссиясын құру, екі елдің іскерлік кеңесін құру, мұнайгаз саласы мен еліміздегі басқа да инвестициялық жобаларға Оман инвестициясын тарту — тараптардың келіссөздерінің экономикалық блогын құрайды», — деді СІМ өкілі.

Оның айтуынша, сапар аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті