Қазақстан президенті республикада ұлтаралық жанжалға жол бермейтіндігі туралы БАҚ өкілдеріне ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті республикада ұлтаралық жанжалға жол бермейтіндігі туралы БАҚ өкілдеріне ескерту жасады

Қазақстан президенті республикада ұлтаралық жанжалға жол бермейтіндігі туралы БАҚ өкілдеріне ескерту жасады

АСТАНА. 10 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдарына республикада ұлтаралық жанжалға жол берілмейтіндігін ескертті.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 725
Фото - Caravan.kz

«Мен жанжал туғызған БАҚ-тар жауап беретінін ескертемін» ,-деді Н.Назарбаев.

Осыған дейін хабарланғандай, үстіміздегі жылы 17 — 18 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Казатком және Маловодное ауылдарында екі жігіттің арасында жанжал басталып, соңы жаппайы төбелексе айналған. Бес адам өлтірілді, үш автомашина және бір автобус өртеніп кетті. «Мәселе қарапайым криминалды қақтығыс, төбелес туралы болып отыр», деп атап өтті президент.

«Орын алған жағдайға байсалдылықпен қарайық. Мен келеңсіз жайттың мән жайын анықтап, айыптыларды жазалауды тапсырдым. Бұл шиеленістің түп тамыры анықталып, халыққа дұрыстап түсіндірілсін», деді Н.Назарбаев.

«Мұндай жағдайдың орын алғаны өте өкінішті, мерт болған жігіттердің туыстарына көңіл айтамын»,-деді президент.

Сонымен қатар елбасы атап өткендей, осы оқиғадан тұжырым жасау қажет: неге рұқсаты жоқ азаматтар Қазақстанда тұруы керек? Неге адамдар үйлерінде қару ұстайды? Құқық қорғау органдары қайда қарады?».

Қазақстан президенті елдегі тыныштық пен келісім үшін жауапкершілік байырғы халық- қазақтарға жүктеледі деп атап өтті. «Қазақтар Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері үшін жауап беретін ұлт. Себебі, біздің ел жалпыға ортақ, ал қазақтар сан жағынан басым, олар ұстамды, толерантты және төзімді болуы тиіс», деді елбасы.

Өткен аптада Қазақстанның Бас прокуратурасы , БАҚ-қа конституцияға қайшы келетін, әлеуметтік және ұлтаралық араздыққа бағытталған пікірлерді жария етуге жол берілмейтіндігін ескертіп , мәлімдеме жасаған болатын.

Бас прокуратураның ресми мәлімдемесінде, «соңғы кездері жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары Алматы облысында осы жылдың 17-18 наурызында болған оқиғаға қатысты конституцияға қайшы келетін материалдар жариялауда»,-деп көрсетілген.

Бас прокуратура «жеке немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып әлеуметтік, ұлтараздық туғызу немесе ұлт намысын және азаматтардың арын аяққа таптау, сол сияқты үстемдік жасау немесе нәсіліне қарай азаматты кемсітуге бағытталған қасақана әрекеттің қылмыстық жауапкершілікке жататынын ескертті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті