Қазақстан президенті үкіметке қор рыногын дамытуға бағытталған шараларды жеделдетуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті үкіметке қор рыногын дамытуға бағытталған шараларды жеделдетуді тапсырды

Қазақстан президенті үкіметке қор рыногын дамытуға бағытталған шараларды жеделдетуді тапсырды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН".2 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке қор рыногын дамытуға бағытталған шараларды жеделдетуді тапсырды.

  • 2 Қыркүйек 2007
  • 371
Фото - Caravan.kz



«Еліміздегі қор рыногын нығайту үшін үкімет мүдделі органдармен бірлесіп Қазақстан қор рыногын халықтың қолындағы басы бос қаржыны баламалы салым көзі ретінде пайдалануды түбегейлі дамытуға тың серпін беретін шешімдерді жедел қабылдау қажет «, — деді Н. Назарбаев бүгін төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.

«Бұл мәселені принциптік тұрғыда шешу қажет. Соның ішінде қор рыногын байыта түсуді қамтамасыз етуге қабілетті заңнамалық тетіктерді жасау қажет», — деді мемлекет басшысы.

Президент «»Халықтық IPO» бағдарламасы аясында Алматыдағы аймақтық қаржылық орталық алаңында халықтың қаржысын ірі кәсіпорындардың акциясына салуды ағымдағы жылы жүзеге асыру қажет», деп атап өтті.