Жарияланды: 490

Қазақстан президенті жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

Ақтау. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Президент сапарының бағдарламасы облыстың 35 жылдығына арналған салтанатты жиыннан басталады. Бұдан кейін мемлекет басшысы 2007 жылы құрылған Мұнайлы ауданындағы бірқатар нысандарда болады. Президент онда "10 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасының аясында салынған жаңа мектеппен танысады. Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаевқа Мұнайлы ауданындағы жаңа орталық құрылысының жобасы таныстырылады. Сапардың келесі кезеңінде президент Түпқараған ауданының Баутино кентінде болып, онда "ТеңіизСервис", Agip KCO және "Каспиан ТЖИ сервис" компаниялары салған теңіздегі мұнай операцияларын қолдау базасының жұмысымен танысады. Мұнда Елбасы Қазақстандық және шетелдік инвесторлармен жүздесіп, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігін игеру жөніндегі мемлектетік бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысады. Бұдан кейін Н. Назарбаев Тарас Шевченконың ескерткіш мұражайында болып, ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездеседі, жуырда салынған Түпқараған аудандық емханасын аралап көреді. Сондай-ақ, президент сапарының аясында шетелден көшіп келген қазақтарға арнап салынған көп пәтерлі үйлер қалашығында бір отбасына барып шығу жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть