Қазақстан президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырыстары 2007 жылғы маусым және желтоқсан айында өтеді
АСТАНА. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Аслан Мусиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агентітгі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыстың күн тәртібініде 6 мәселе қаралды. Атап айтқанда. индустрия және сауда министрлігінің инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Нұрашевтің шетелдік инвесторлар кеңесінің 16-жалпы отырысының хаттамалық шешімдерінің орындалу барасы туралы есебі және "Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі" ассоциациясының басқарма төрағасы Деннис Прайстың баяндамасы тыңдалды.