Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына афроамерикалық азамат қабылданды. - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына афроамерикалық азамат қабылданды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына афроамерикалық азамат қабылданды.

Әскери борышын өтеуге аттанған Майкл Мкпо Алматыда дүниеге келген. Оқуын да осында тәмамдаған. Ал әкесі Нигерия заматы.

  • 22 Мамыр 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еуразия Бірінші арнасы хабарлады.

Алматыда дүниеге келген Майклдың нағашылары қазақ. Осында туып өскен ол әскерге шақырту келгенде бірден қабыл алған. Өйткені Отан алдындағы борышын өтеу кез келген азаматтың қасиетті борышы деп біледі. Ал әскери коммисариатқа келгенде бәрінің таңырқағанын айтады.

«Шын мәнінде бәрі таңырқауда. Өзіммен бірге шақырылғандармен қатар сардарларға дейін таңданыстарын жасыра алмауда. Африкалық азаматтың әскери борышын өтеуге барады дегенді ешкім күтпеген ғой», дейді Майкл Мкпо.

Майклдың анасы мен әкесі Алматыда танысыпты. Отбасын құрғандарына 20 жылдан асқан. Араларында Майкл мен Милана есімді балалары бар. Галина күйеуінің отаны Нигерияға барып, біраз жыл тұрған. Бірақ Қазақстанға ештеңе жетпейді дейді.Ал Галинаның анасы қазақ, әкесі орыс. Сол себепті Майклды шығарып салуға нағашылары да келді.


Нағашы әпкесі Ардақ Жақанбаева да Майклға ақжол тіледі.

Соңғы жаңалықтар