Қазақстан қаржылық дағдарыстың зардаптарын еңсеру мүмкіндіктерін талқылау үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері өкілдерінің кездесуін өткізуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан қаржылық дағдарыстың зардаптарын еңсеру мүмкіндіктерін талқылау үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері өкілдерінің кездесуін өткізуді ұсынады

Қазақстан қаржылық дағдарыстың зардаптарын еңсеру мүмкіндіктерін талқылау үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері өкілдерінің кездесуін өткізуді ұсынады

Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қаржылық дағдарыстың зардаптарын еңсеру мүмкіндіктерін талқылау үшін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің орталық банктерінің жетекшілері мен қаржы министрлерінің кездесуін өткізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Қазан 2008
  • 595
Фото - Caravan.kz

«Әлемдік қаржы дағдарысының салқынын қандайбір деңгейде әр мемлекет сезінеді. Осыған байланысты біз таяу уақыттарда Алматы қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің орталық банктерінің жетекшілері мен қаржы министрлерінің кездесуін өткізуді ұсынамыз. Оның барысында ШЫҰ өңіріндегі қаржы нарығындағы ахуалды талдап, пікір алмасып, қалыптасқан ахуалдан сабақ алып, тиісті тұжырым жасауға болар еді», -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар