Қазақстан, ҚХР мен Қырғызстан Балхаш-Алакөл су алабын тиімді пайдалану жөніндегі келісімнің жобасын дайындады - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан, ҚХР мен Қырғызстан Балхаш-Алакөл су алабын тиімді пайдалану жөніндегі келісімнің жобасын дайындады   - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Қазақстан, ҚХР мен Қырғызстан Балхаш-Алакөл су алабын тиімді пайдалану жөніндегі келісімнің жобасын дайындады - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан, ҚХР мен Қырғызстан Балхаш-Алакөл су алабын тиімді пайдалану жөніндегі келісімнің жобасын дайындады. Бұл туралы бүгін ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов "Қазақстан Республикасы халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тиімділігін көтеру жолдары: тауқыметтер, шешу жолдары, келешек" атты "дөңгелек үстелде" сөйлеген сөзінде мәлім етті.

  • 28 Қараша 2007
  • 691
Фото - Caravan.kz

«Келісімнің жобасын үш мемлекет бірлесе дайындаған, қазір ол біздің мемлекеттік органдарымызда келісу сатысынан өтуде», — деді Н. Ысқақов

Оның атап көрсетуінше, «XXI ғасырда Орталық Азияның ұланғайыр аумағындағы экологиялық ахуал Қазақстан, ҚХР мен Қырғызстан аумағы арқылы өтетін Балхаш-Алакөл су алабының тағдырымен айқындалатын болады».

«Суды тиімсіз пайдалану салдарынан Балхаш көлінің тұрақтылығына зиян келсе, онда оның экологиялық залал-зардаптары тек Қазақстан үшін ғана емес, ҚХР үшін де теңдессіз болмақ», — деді Н. Ысқақов. Оның айтуынша, «елдер сондықтан да гидрология мәселелері бойынша етене жақын ынтымақтастықтан мүдделі».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті