Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 119,72 теңгені құрады
Алматы. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 22 қыркүйек - дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,08 теңгеге қымбаттап, бір долларға шаққанда 119,72 теңгені құрады. |
Бүгін, дүйсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 143,905 млн долларды құрады.
Ал жұмада АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 207,980 млн долларды құраған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін