Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 138,86 теңгені құрады
19- ақпан -бейсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы сәрсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,11 теңгеге қымбаттап , бір долларға шаққанда 138,86 теңгені құрады. Бейсенбіде АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 31,540 миллион долларды құрады. Ал сәрсенбіде АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 20,930 млн. долларды құраған болатын. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін