Қазақстан Қорғаныс министрі Израильде ресми сапармен жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қорғаныс министрі Израильде ресми сапармен жүр

Қазақстан Қорғаныс министрі Израильде ресми сапармен жүр

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Израиль мемлекетіне ресми сапармен келді.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 459
Фото - Caravan.kz

Тель-Авивте Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтеді. Әділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон кездесу барысында екі елдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады. Сапар шеңберінде Қазақстан мен Израиль үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.


Сондай-ақ, Иерусалимде Қазақстан Қорғаныс министрінің Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Переспен кездесуі жоспарланған.

Сапар барысында ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация Израильдің бірқатар жетекші қорғаныс кәсіпорындарында болады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.