«Қазақстан Тайвань тәуелсіздігіне және екі Қытай жасаудың кез келген әрекеттеріне қарсы болады», — деп көрсетілген Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесінде.
«Тайваньның БҰҰ-на кіруі жөніндегі референдумның Тайвань әкімшілігінің басшысын сайлаумен қатар өткізілуіне байланысты Қазақстан «бір Қытай» қағидасын қолдайтыны жөнінде тағы да мәлімдеме жасайды және ҚХР үкіметі бүкіл Қытайдың атынан өкілдік ете алатын жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай территориясының бөлінбес бөлігі деп есептейді», — деп көрсетілген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті