Қазақстан құрылыс саласындағы қауіпсіздік және еңбек гигиенасы туралы конвенцияны бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрылыс саласындағы қауіпсіздік және еңбек гигиенасы туралы конвенцияны  бекітті

Қазақстан құрылыс саласындағы қауіпсіздік және еңбек гигиенасы туралы конвенцияны бекітті

АСТАНА. 19-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Құрылыс саласындағы қауіпсіздік және еңбек гигиенасы туралы" заңға қол қойды, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Маусым 2007
  • 948
Фото - Caravan.kz

Конвенцияны бекіту арқылы Қазақстан «қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын жақсарту мен халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растай отырып, осы саладағы халықаралық нормаларды сақтау мен орындауды қолдайтындығын паш етеді»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

«Бұл конвенцияны бекіткен әрбір ел қауіпсіздік пен еңбек гигиенасы саласында болуы мүмкін тәуекелдерді бағалау негізінде конвенция ережелерін қолдануды қамтамасыз ететін заңнама мен тәртіптерді қабылдап, сақтайды»,- делінген қорытындыда.

Конвенция Женевада 1988-жылдың 20-маусымында қабылданған. Қазіргі жағдаймен оны Халықаралық еңбек ұйымына мүше 18 мемлекет бекітті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті