Қазақстан Қырғыз Республикасынан алатын электр қуатынан бас тарта алады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғыз Республикасынан алатын электр қуатынан бас тарта алады

Қазақстан Қырғыз Республикасынан алатын электр қуатынан бас тарта алады

Қазақстанның энергия жүйесі еліміздің барлық сұранысын қанағаттандыра алады. Сондықтан болашақта Қырғызстаннан алып отырған энергиядан бас тарту мүмкіндігі соншалықты өзекті еме

  • 8 Сәуiр 2014
  • 468
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма басшысы Алмасадам Сәтқалиев айтты.

«Қазіргі уақытта қазақстандық энергия жүйесі Қырғызстаннан тұрақты қуат сатып алып отыр. Дегенмен біз өз күшімізбен еліміздегі барлық қажеттілікті қамтамасыз ете аламыз. Қырғыз елінен алатын энергиядан бас тарту мәселесі айтарлықтай өзекті емес, біз мұндай жағдайға толықтай дайынбыз деп айтуға болады. Солтүстіктегі стансаларды жедел түрде жөндеуден өткізіп, қуатын күшейтуге мүмкіндігіміз бар. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан мазутқа дотациялар болған жағдайда Жамбыл мемлекеттік аудандық электр стансасын (МАЭС) қосамыз», — деді А. Сәтқалиев.