Қазақстан Қырғызстаннан импортталатын кондитерлік өнімдерге шектеуді жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қырғызстаннан импортталатын кондитерлік өнімдерге шектеуді жойды

Қазақстан Қырғызстаннан импортталатын кондитерлік өнімдерге шектеуді жойды

Қазақстан билігі Қырғызстанда жасалынатын кондитерлік өнімдерді әкелуге салынған тыйымды алып тастады деп хабарлады.

  • 10 Қаңтар 2018
  • 143
Фото - Caravan.kz


Сәрсенбі күні Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі «Куликовский» кондитерлік үйіне қатысты санитарлық эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырып, бақылауды күшейткеннен кейін шектеу алынды деп мәлімдеді.

2017 жылы қарашада аталған комитет төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин "техникалық регламент талабына сәйкес келмейтіндіктен" Қырғызстанның "Ақ сүт" компаниясының, "Куликовский" кондитерлік кәсіпорнының және ірімшік өндіретін "Эмиле" компаниясының кей өнімдеріне тыйым салынғанын жариялаған.

Соңғы жаңалықтар