Қазақстан Республикасында бір тәулік ішінде 444 қылмыс жасалып, оның 355 ашылған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасында бір тәулік ішінде 444 қылмыс жасалып, оның 355 ашылған

Қазақстан Республикасында бір тәулік ішінде 444 қылмыс жасалып, оның 355 ашылған

Астана. 27-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында бір тәулік ішінде 444 қылмыс жасалып, оның 355-і ашылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыстар орталығынан хабарлады.

  • 27 Қараша 2007
  • 356
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, республика аумағында барлығы 2 кісі өлтіру қылмысы жасалып, полицейлер олардың ізін суытпай ашқан, сондай-ақ 36 тонау, 136 ұрлық және 30 есірткі қылмыстары жасалған. Құқық қорғау органдарында қарақшылық шабуыл қылмыстары тіркелмеген.

Сонымен қатар, республикамызда 231 оқиға, оның ішінде 48 жол көлік оқиғасы тіркелген, оқиғалар салдарынан 8 адам қайтыс болып, 64-і жарақат алған. Республикамызда бір тәулік ішінде 24 өрт шығып, 2 адам тілсіз жаудың құрбаны болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті